пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қызын ерекше еркелеткен Нұрлан Албан көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді

Қызын ерекше еркелеткен қазақстандық танымал әнші Нұрлан Албан көпшілікті тәнті етті, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv

Әнші әлеуметтік желіде жариялаған видеодан соң кей оқырмандар көзіне жас алғанын жасырмады.

«Қызымды қазір еркелетіп алмасам, бойжеткен кезінде мұндай сөздерді айта алмай қаламын. Ақылдым, тәттім. Құдай бізге сендерді үш түйір қылып бере салған. Соның ішінде гүл қылып сені берді. Сен - гүлсің! Сен - күнсің, жанымсың, жарығымсың. Құдай бере салған тәттім», ― дейді Нұрлан Албан видеода қызына.

Видеоны көрген желі қолданушылары өз отбасы есіне түскенін жарыса жазды.

«Әкемнің еркелеткені есіме түсті»;

«Әке деген осындай болу керек»;

«Әкенің орны бөлек қой»;

«Қызыңыз қандай бақытты»;

«Көңілім босап, көзіме жас алдым», ― деп жазды оқырмандар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 7