вторник, 7 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

«Міндетті түрде тұрмысқа шығамын»: Айгүл Иманбаева 10 рет ұсыныс алғанын айтты

Танымал әнші Айгүл Иманбаева 24 жыл бойы жалғыз жүргенін, осы аралықта 10 рет ұсыныс алғанын айтты. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото; instagram.com/aigul_imanbayeva
Фото; instagram.com/aigul_imanbayeva

Оның сөзінше, бақытын жұртқа жариялап көрсететіндердің қатарынан емес.

«24 жыл бойы жалғызбын. 25 жыл ішінде 10 рет ұсыныс (тұрмысқа шығуға - еск.) жасалды. Instagram-да қолыма сақина салып, теріс қарап, гүл ұстап түсу табиғатымда жоқ. Маған ол нәрсе ұнамайды. Instagram-да бөлісе алмаймын. Бақытты адам үндемейді, бөліспейді. Құдайдан үмітім бар, міндетті түрде тұрмысқа шығамын», — дейді әнші.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева әріптесі Алтынай Жорабаевамен қарым-қатынасы туралы ашық айтқан болатын. Ол әнші Алтынай Жорабаевамен сөзге келіп қалған сәттердің де болғанын жасырмады.

Что думаете об этом?
Нравится 6
Мне все равно 2
Забавно 2
Сочувствую 0
Возмутительно 2