пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Жанар Дұғалова ұзатылды

Казнетте танымал әнші Жанар Дұғалованың ұзатылып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі. 

Фото: instagram.com/zhanar_dugalova
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Massaget.kz тілшісі хабарлағандай, видеоны отандық әншілер Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Instagram-да жариялады.

«Сәлем, достар! Сонымен, уәде бергендей, мен сіздерге айтайын. Бүгін біздің құрбымыз, супер-әнші, сіңліміз Жанар Дұғалова наконец-то тұрмысқа шығып жатыр. Керемет! Бүгін ұзату тойы», — деді әншілер.

Сонымен бірге Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Жанар Дұғалова мен әкесінің вальс билеп жүрген видеосын салды.

«Әкесі мен қызының биі. Қандай әдемі көрініс. Бақытты бол, Жанара», — деп жазды Маржан Арапбаева.

Еске салайық, бұған дейін Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын айтқан еді.

Сол кезде әншінің менеджері мұны агенттіктің тілшісіне де растады.

«Иә, рас. Жақында тұрмысқа шығады. Той Астанада өтеді», — деп жауап берді әншінің менеджері Нұржауан.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 2
Возмутительно 2