«Не болды?» редакциясы Наурыз мейрамы қарсаңында Ресейдің Новосибирск пен Алтай аймағындағы тек қазақтар ғана тұратын бірнеше ауылдың тыныс-тіршілігін көріп қайтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Қарасарт – бұл құрылғанына 250 жыл болған Ресейдің Новосибирск облысындағы тек қазақтар ғана тұратын шағын ауыл. 60 үйдің түтіні түтеп тұр. Негізгі рулары Мадияр. Қазақ тілінде ғана сөйлеп қоймай сал-дәстүрді де барынша сақтаған. Қарасарттағы жалғыз мектеп те орысша, қазір онда 19 бала оқиды. Үлкендер қазақша сөйлегенімен, балалар ана тілін бүгінде ұмытқан.
«Өзіміз осы жерде тудық, осы жерде өлеміз енді. Біз басқа жерге барсақ, күн көре алмаймыз. Жастардың көбі орысша сөйлейді. Біз орысша дұрыстап білмейміз», ― дейді.
Жергілікті халықтың айтуынша, осы ауылға бір бай кісі келіпті. Ол кісінің аты ― Қарасарт болды. Өзі қара торы, байсалды болатын. Сосын атауы осыдан шықты.
2014 жылы Қарасарт 240 жылдығын тойлады.
«Қазақ тілін мектепте оқытты. Үйде бәрі қазақша сөйлейді. Балалар енді садиктен бастап орысша сөйлейді. Менің қайынсіңлім күйеуге шықты, сол Астанадан, Павлодардан келіп таң қалды құдаларымыз. «Біз ойлаған жоқпыз сіздер тілді, дәстүрді сақтайсындар» деп мәз болды», ― дейді Қарасарт тұрғыны.