пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Роза Рымбаева немересінің бесік тойында ортаны бермей билей жөнелді

Халық әртісі Роза Рымбаева тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойында ортаны бермей, билей жөнелді. Бұл туралы желіде Мақпал Жүнісова жариялаған видеодан белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Тойда қонақ болған Мақпал Жүнісова әншіні немересінің бесік тойымен құттықтап, «Биле» әнін орындады.

Жүнісованың көңілді әніне той қонақтары билемей тұра алған жоқ.

Тіпті, той иесі Роза Рымбаеваның өзі ортада шыр-көбелек айнала билеп, тойдың көңілді өтуіне тікелей атсалысты.

Айта кетелік, Роза Рымбаеваның немересі ақпан айында дүниеге келді.

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбаеваның тұңғышына Зейін есімі берілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Что думаете об этом?
Нравится 16
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 0
Возмутительно 61