пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Пениске табыну бізде салауатты емес еркектікті қалыптастырады – профессор

Бұл туралы медиа зерттеуші, профессор Молдияр Ергебеков айтқан видео желіде таралып кетті, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: pexels
Фото: pexels

«2-3 жасқа келген кезде, біздің еркек екендігімізді көрген адамдар «Әпшу берші, насвай берші». Бұл не? Не мағынасы? Бұның мағынасы, менің ойымша, пенисті ұлықтау ритуалы, пениске табыну ритуалы.

Артынша 6-7 жасқа келген кезде, сүндет той деген нәрсе болады. Ата-анамыз туған туыстарын бәрін жинап, той жасайды. Сен нағашының алып келген тайының үстіне мініп алып, туған туыстардан бағалы сыйлықтар аласын. Дәл осындай той сенің қарындасын немесе әпкен үшін болмайды. Неге? Өйткені оның пенисі жоқ. Бұл пениске табыну бізде салауатты емес еркектікті қалыптастырады.

Артынша бастауыш мектепке барған кезде, басқа еркектерді бағындырумен бірге қыздардың шашын жұлып ойнаймыз. Артынша жасөспірім болған кезде, бұл салауатты емес патриархал еркектік құлағымызға сыбырлайды «Ана қыздың етегін ашып жібер, бұған сенің праван бар».

Есейген кезде, бұл паталогияға айналады. Әрбір еркек тек-тек зорлықшыға айналамыз. Кім күш көрсетеді? Кім зорлық жасайды? Анау бала кезінде, пенисі ұлықтанған кезде, оған бір уәде беріледі – «Сен еркексін, мына дүниенің иесісін. Мына дүние сенің билігіннің астында». Сол уәде ешқашан орындалмайды. Өйткені логикалық тұрғыдан қате. Ешкім саған бағынбайды. Сен Шыңғыс хан бол, саған бәрібір бағынбайтын адамдар болады бұл өмірде. Сондықтан да еркек анау уәде орындылмағандығы үшін өмірге өкпелеген еркектің жасайтын ісі―зорлық. Осылайша армияға барасын, дедтар тарапынан таяқ жейсің, көшеге шығасын, районның жігітері тарапынан таяқ жейсің, универге барасын, жоғарғы студенттер тарапынан таяқ жейсің,барлық жерде таяқ болады.

Сонымен бірге, екінші зорлық – бұл, әрине, жыныстық зорлық. Жыныстық зорлықты біз көбінесе көшедегі адамдар, бомждар, үйсіз-күйсіз жұмысы жоқ адамдар жасайды деп ойлаймыз. Мысалы, құрбымызды таксиге отырғызамыз, таксидің нөмірін түсіріп аламыз. Таксистер жасайды деп ойлаймыз. Жоқ! Зорлықтың ең көп жасалатын жері – үйдің іші. Зорлық жасаған әкесі, ағасы, інісі болғаны үшін, әйелдер айтпайды, айтуға ұялады немесе қорқады. Өйткені, қоғам патриархалдық еркектік ерекшеліктеріне ие болғандығы үшін ― зорлаушыны емес, зорлыққа ұшыраған адамды кінәлайды», ― деді профессор.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0