суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Әнші Дильназ Ахмадиева ажырасып кеткенін айтты

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева ажырасып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram/ dilnaz_akhmadiyeva
Фото: instagram/ dilnaz_akhmadiyeva

Бұл туралы ол Айнұр Ильясованың «Мамский әңгіме» подкасында айтты.

«Біз 2017 жылы кездесе бастадық. 2019 жылы үйлендік. 2020 жылы ана атандым. Біз 2013 жылдан бері таныс болғанбыз. Мен Х-Фактор жобасында қазылар алқасында болдым. Ол бір топпен қатысуға келді. Біз ажырасып кеттік. Бірақ ол менің өте жақсы досым. Жақсы араласамыз. Екеуіміз де оқыған, білімді адамдармыз. Бастапқыдан бізде бірінші орында достық болған сияқты. Сосын қалған. Кейін қалған нәрсе өтіп, дос болып қалдық», - дейді әнші.

Ахмадиева экс-күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін түсіндірді.

«Біз көбіне дос сияқтымыз. Балам әлі кішкентай кезінде, қандай да бір дисбаланс болмауы үшін осындай шешім қабылдадым. Бірге бола алмайтынымызды түсіндім. Шамамен бір жыл ажырасып кеттік. Ресми түрде былтыр қазан айында екі жаққа кеттік», - дейді Дильназ Ахмадиева.

Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуінен 7 жас үлкен болғанын айтады. Бүгінде әнші бір ұл тәрбиелеп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 5
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0