пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы тоқал алуға қатысты пікір білдірді

Отандық танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова «Paradox» бағдарламасында күйеуіне толқал алып беруге үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен кез келген әйел сияқты тоқал алуына қарсымын. Бірақ сондай шешім қабылдап жатса: «Жолың ашық» деймін. Бірақ бірге тұрмаймын», – дейді Мөлдір Мұқанова.

Продюсер көпшілік алдына шықпай тұрып мемлекеттік қызметте жүрген кездерін еске алды.

«Мен 15 жыл Қазынашылық департаментте мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істедім. Бүкіл мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есебін ашып, қай жаққа қанша ақша кетіп жатқанын, қай шенеунік қанша ақша алып жатқанын біліп отыратынмын. Есепті жылдың аяғында жабамыз, түнгі сағат 2-3-ке дейін жұмыс істейтін кездеріміз болды. Жай күндері жұмыстан сағат 18:00-де шығамын. 18:20-да үйде болмасам, у-шу басталып кететін. Азаматым қызғаншақ болды. Мен бірінші қызымды босанған соң өте әдемі болып кеттім. Өмірімде болмаған, салмағым 60 келі болды, одан сайын жасарып кеттім. Сөйтіп күйеуім қызғана бастады. Жұмыстан шықсам, келіп тұратын. Көлігіміз жоқ, екеуіміз үйге автобуспен қайтатынбыз. Жұмыстан уақытында шықпасам, екінші қабаттың терезесіне жерден тас алып лақтыратын. Сонда құжаттардың бәрін жинап, тез шығып кететінмін. Кейде тас бастықтың терезесіне тиеді. Сонда бастығым келіп: «Күйеуің келді, бар» дейтін. Содан кейін Ұлттық банкте бас экономист болып жұмыс істедім. Сөйтіп төртінші баланы босанғаннан кейін мемлекеттік қызметпен қоштастым», – дейді Мөлдір Мұқанова.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 4