вторник, 3 октября, 2023
icon
478.35
icon
504.04
icon
4.86
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
13oC
1xadv

«Астанада қала берген дұрыс па еді»: Төреғали Төреәлінің қарындасы Америкадағы өмірі жайлы

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Америкаға көшкен кездерін еске алып, сол кездегі қиындықтарды айтып берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Астанада қала берген дұрыс па еді»: Төреғали Төреәлінің қарындасы Америкадағы өмірі жайлы

«Штаттарға көшкелі бұл жақта еркіндікті сезем деуші едім ғой. Сондағы еркіндіктің бірі ол - финанс жағынан. Енді көшкендегі және қазіргі финанс деңгейі, біздің ойлау қабілетіміз, жалпы деңгейде айырмашылық көп. Себебі, бастапқы уақытта өте аз суммамен көштік. Ал бұл жақтағы шығын, үй жалдау, тамақ алу, жалпы тұрмыс жағы қаншама есе қымбат. Оған қоса Нью-Йорк қазіргі кезде әлемдегі ең қымбат қалалар бойынша бірінші орында», - деп жазды ол.

Тіпті ол бастапқы уақытта «Астанада қалуымыз керек еді» деп ойлағанын да жасырмай айтты.

«Маған морально сол кездері қиын болды. Кейде тіпті «Астанада қала бергеніміз дұрыс па еді» деп іштей ойлайтынмын. Алайда бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік екендігін іштей сезетінмін. Сол сәттен бастап Дархан екеуміз табысымызды арттыруға, қолдан келгеннің бәрін жасауға амал етеміз деп шештік», - дейді ол.

В статье:
Что думаете об этом?