четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Қол сөмке 7 миллион, кешкі көйлек 700 мың, аяқ киім 560 мың теңге»: Бағалы киімдерімен мақтанған блогерлер желіні шулатты

Алматыдағы сауық-кештердің бірінде түсірілген видео соңғы тәулікте әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Аталған бейнежазбаға зер салсақ, тек қымбат брендтен ғана киінетін қазақстандық блогерлердің құнды образымен мақтанғанын анық аңғаруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Фото:Stan.kz
Фото:Stan.kz

Ролик авторы – Индира Габбасова есімді блогер ару. Әлгі бейнежазбада қымбат киінетін танымал қыз-келіншектер материалдық байлығын айтып, бағалы киімдерін көрсеткен.

«Біз бүгін Qazaq Auyl деген өте әдемі жерге келдік. Дәл осы жерде Prada-мен бірге жаз мезгілінің жаңа маусымын тойлаймыз. Қонақтар бүгінгі іс-шараға қандай киім киіп келді екен? Олардың киімінің бағасы қанша? Бірге білейік!», – деді видео авторы.

Кілең жұлдыздар жиналған бұл бас қосуға танымал модель, актриса әрі дизайнер Айя Шалқар да келген. Оның қол сөмкесінің өзі 1 200 000 мың теңге, аяқ киімі 280 мың теңге, қара көзілдірік 240 мың теңге тұрады екен. Сол кешке киіп келген образының құны 1 720 000 теңге екен.

Сондай-ақ қазнетте қызу талқыланған видеодағы блогер қыз-келіншектер құны 7 миллион теңгеге жуық қол сөмкесін, бағасы 1.500 еуро тұратын кешкі көйлек және қымбат қара көзілдірікті де көпшілікке көрсеткен. Мұны естіген желідегі жұрт жағасын ұстап, интернеттегі ел есінен танып, қарапайым халық түрлі пікір жазып жатыр.

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деген осы шығар», «Е, қу дүние-ай! Бұл адамдар жалған дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кететінін біле ме екен?», «Мұндай ақшаға ми сатып алғандардың жақсы еді», «Мына сөмкені Бәке, мына күртешені Мәке, ал мына шалбарды Сәке сатып алып берді. Көлікті ағашка берді. Мен тоқалмын, не істейтінімді өзім білемін десеңізші», – деп жазды халық.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 0
Забавно 14
Сочувствую 1
Возмутительно 0