воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

«Қолдан келсе, алу керек»: Саят Медеуов ұлттың болашағы үшін тоқал алу керектігін ескертті

Саят Медеуов қазақ халқының санын көбейту үшін ер адамдар тоқал алуы керек деген пікірде. Бұл туралы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888
Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

«Қолдан келсе, алу керек. Бұған қарсымын деп айта алмаймын. Қолдан келсе, асырай алса, кез келген ұлтқа қазақтың қаракөз қыздарын бергеннен гөрі, қазақтың азаматтары алып, асырап, дүниеге қазақ деген ұлтты әкелу керек деп ойлаймын.

Өз елімізге, өз жерімізге пайдамызды тигізу керек. Ең болмағанда - қазақ қыздарын асырау керек шығар.

Балаларға мемлекеттік тұрғыдан үлкен қаражат бөлінуі керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана біздің ұлтымыздың саны көбеюі мүмкін.

Сөзімді іспен дәлелдейін, дәлелдемейін, жеке басымдағы проблема болғандықтан, айту міндет емес деп ойлаймын. Бірақ мен бұған қарсы емеспін. Себебі бұл керек дүние», — деді әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 1
Забавно 8
Сочувствую 0
Возмутительно 6