Талантты театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова жеке өмірі жайлы сырын бөлісті. Актриса «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында қандай ене екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Актрисаның айтуынша, ол қолынан келгенінше келініне қолғабыс етуге тырысады.
«Қатып қалған қағидалармен өмір сүрмеймін. Еркіндікті сүйемін. Қолымнан келгенше келініме қолғабыс етуге тырысамын. «Сен – келін, мен – ене» деп санасып отырмаймын. Жағдайым келіп тұрса, немерелерімді де бағып, шайымды да өзім құйып іше берем. Қазақ «Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті» деп бекер айтпаса керек. Дидарымнан көрген қызығым – Дияр мен Дәлилә атты қос немерем бүгінде бар өмірімнің мәні. Бар тілерім – балаларымның амандығы. Солардың қызығын көрсем деп Алладан ұзақ өмір тілеймін. Өйткені, Дидарым – жалғыз. Сол жалғызымды жалғыз өзім жүріп жеткіздім. Енді ұлымның қуанышына куә болып, қасында ұзағырақ жүре тұрсам деген үлкен арманым бар. Алладан жалғыз-ақ тілерім – осы», - деді Лидия Кәденова.
Айта кетейік, актрисаның ұлы Дидар Кәден осыдан бірнеше жыл бұрын танымал блогермен шаңырақ көтеріп, кейінірек ажырасып кетті. 2021 жылы Дидар Кәден екінші рет үйленді.