четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
28oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

«Қуып жіберді»: Танымал актер «Бауыржан шоу» театрындағы әріптестерімен мүлде араласпайтынын айтты

Танымал актер Мәлік Әбдіраман бұрын өзі өнер көрсеткен «Бауыржан шоу» театрындағы әріптестерімен мүлде араласпайтынын жеткізді. Бұл туралы ол El kz ақпараттық агенттігінің Базарlike бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото коллаж: massaget.kz
Фото коллаж: massaget.kz

Өнер иесінің сөзінше, әріптестерінен өмірін өзгертуге әсер еткен сөзді естіген.

«Жағдайыңды жасап беремін» деген көп адамның артынан ердім. Солардың шашбауын көтердім. Солардың шопыры да болдым. Үйлерінде қандай тұрмыстық жұмыстар бар, соларды істеп жүрдім. Ол үшін өкінбеймін. Бәрі де сол өнер адамдары ғой. Өнердегі көкелерім. Құдайдан жасырмағанды адамнан несін жасырамын? Қызылордадағы «Қыз Жібек» деген түнгі клубтан шығып, «Салтанат» деген қонақүйге барғанда, барлығы жиналып, мені жұмыстан шығарып жіберді. «Бауыржан шоуда». Барлығы бас салды да «Сен көптің бірісің, еттің кірісің. Сенің ешқандай актерлік қабілетің жоқ. Сен кет, егер кетпеймін десең, администратор бол» деді. Сол нәрсе маған себеп болды. Егер сол нәрсе болмағанда, мен сол бір деңгейдегі, қатардағы актер болып қалар едім. Маған қамшы болды. Мен сол кезде оларға ренжідім, ызаландым. Бірақ қазір солардың мені жұмыстан шығарып жібергеніне, әрқайсының айтқан сөзіне ризамын. Әр жаманның артында бір жақсы іс бар деген нәрсеге сол кезде көзім жетті», — дейді Мәлік Әбдіраман.

Актер Мәлік Әбдіраманның театрдан кетуін өзге әріптестерінің бәрі қолдаған.

«Бауыржан шоуда» барлығы менің кетуімді қалап дауыс берді. Сол күні мен Қызылордадан Алматыға қарай пойызға мініп, келгенше көзімнен жас тоқтамады. Пойыздан түскен бойда Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, жұмысқа орналастым. Майғазиев жұмыстан шығып жатыр екен. Соның орнына «Қыз Жібек» спектакліндегі Сансызбайдың рөлін ойнап шықтым. Сол кездері олар маған өкпелі болған көрінеді. Өйткені дау, жанжал болды. Сол нәрсе көп уақыт бойы жиналған.

Мен театрға жұмысқа тұрған соң 6-7 ай сахнаға шыққан жоқпын. Актерлердің аяқ-киімдерін сүртіп, сөмкелерін тасып жүрдім.

Алматыда тұратын жер, жейтін тамағым болмады. Бізге жалақы бермеді, бірақ концерттің билетін беретін. Сол билетті сатып, ақша алатынбыз. Ал бізде ағайын көп, билетті сатпайсың, таратып бересің.

Менің Бауыржан ағаға ешқандай ренішім жоқ. Ол кісі - менің өнердегі ұстазым. Бірақ олармен араласпаймын. Нағашым Әбунасыр Серіковпен сөйлесіп тұрамын. Туған-туыстан алыстай алмаймын. Менің өнерге жолымды ашқан - сол кісі. Олардың ойларында мен әлі де актер емеспін-ау. Бауыржан ағамның 60 жылдығы болды, мені шақырған жоқ. Бірақ мен оған еш ренжімеймін. «Бауыржан шоу» театрында жұмыс істегеніме ризамын», — дейді актер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 5
Сочувствую 1
Возмутительно 0