Әнші Айқын Төлепберген «Папарацци» бағдарламасында заң бұзып, басы дауға қалған Төреғали Төреәлінің әрекетіне қатысы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Әрине, Төреғалидікі дұрыс емес. Бірақ қателік жасамайтын адам жоқ. Шынымды айтайын, мен де сондай жағдайға ұрынғанымын. Ол кезде интернет жоқ, Құдайға шүкір. Төреғалидің жасында менің де басымнан сонжай жағдай өтті. Бірақ бәрі оңынан шешілді. Төреғали жас, оның үстіне қазір интернеттің заманы. Оны сынайтын мен емес. Ең бастысы адам, қателігін мойындап, халықтан кешірім сұрап, дұрыс жолға түссе болды», – дейді Айқын Төлепберген.
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға Төреғалидің өнердегі әріптестері пікір білдірген еді.