Әнші Ғаділбек Жаңай алғаш Алматыға келіп, той жүргізген кезін еске алды. Таир Нұғманның бағдарламасына келген өнер иесі, алғаш асаба болған сәттегі қызық оқиғасын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Алматыға келгенде, Арман дейтін жігіт күтіп алған. Сол «Тойға қатысты сұрақтар бойынша хабарлас деп мейрамханаға нөміріңді қалдырып кет» деді. Солай жасаған күннің ертесіне біреу хабарласады. «Той жүргізе аласың ба» деп сұрайды. Мен той жүргізіп көрмегенмін. Бірақ қалтамда көк тиын жоқ, той жүргіземін деймін.
Тойға асабасы келмей қалған екен. Түсі өңіп кеткен көк көйлек, ескі костюммен барамын. Мейрамханаға ерте барып аламын. Дайындалып отырсам, түрі басқаша адамдар кіріп жатыр. Сөйтсем, той ұйғырлардыкі екен. Мен тойды қазақша жүргіздім. Олар ұйғырша, орысша тілек айтты. Той күшті өтті. Мен таңғалдым. Сонда той жүргізгеніме 100 доллар алдым және қызының туған күнін тойда орысша құттықтағаным үшін 2000 теңге берді», — деп еске алды Ғаділбек Жаңай.