Соңғы бір айда әлем бойынша «Барби» тренді хитке айналды. Елімізге танымал жұлдыздар аталмыш трендті қайталап, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Трендті алғашқылардың бірі болып актриса Әсел Сағатова бастады.
Ол «Барби» фильмінің тұсаукесеріне қызғылт түсті көйлек киіп барған. Желі қолданушылары 38 жастағы актрисаның сұлулығына тамсанып, жарыса пікір қалдырды.
«Нағыз сұлусыз», «Күлкіңіз керемет», «Сізді жақында кездестіріп қалдым. Өмірде суреттен де сұлусыз», ― деп жазды желідегілер.
Қуыршақ бейнесін қайталағандардың бірі Жанар Айжанованың қызы - Айжұлдыз Адайбекова. Айжұлдыздың «Барби» бейнесі де көпшіліктің назарын аударды.
«Әдемісіз», «Қызғылт түс сізге жарасады екен», «Жарқырай бер», ― деп жазды желідегілер.
Хит трендті әнші Салтанат Бақаева да қайталаған. Ал желі қолданушылары Салтанат Бақаеваны танымай қалғанын айтып, таңданысын жасырмады.
«Мүлде танымай қалдық», «Өте жарасымды», «Саған бәрі жарасады», «Өте әдемісіз», «Керемет», «Танымай қалдым», ― деп жазды желідегілер.
Сонымен қатар Барби трендін әнші Балжан Бидаш та байқап көрді. Желі қолданушылары бірнеше образ қайталаған Балжан Бидаштың еліміздегі ең әдемі Барби екенін айтып, жарыса пікір қалдырды.
«Нағыз Барби», «Керемет», «Ең күшті видео Балжандыкі болды, мойындайық», «Кейбірі түрі ұқсамаса да түсіріп жатыр», «Қанша Барби көріп жатырмыз. Сіздің образ қатты ұнады», «Осылай түсіру керек», «Балжанның видеосынан кейін трендті жабу керек», «Күнделікті өмірде осылай жүрсеңізші», ― деп жазды желідегілер.
Отандық актриса Жәния Джуринская да әлемдік трендті қайталады. Өнер иесі қуыршақ образын тренд басталмай тұрып түсіргенін мәлім етті.
«Бұл трендті хитке айналмай тұрып түсірген едім. Бірақ енді жариялап жатырмын», ― деп жазды актриса.
Ал желі қолданушылары Джуринскаяның бұл образының жарасымды екенін айтып, түрлі пікір жазды.
«Керемет», «Жарасымды», «Өзіңіз де қуыршақ секілдісіз», «Он рет қарадым, өте әдемі», «Сұлусыз», ― деп жазды желідегілер.