пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қыз бен жігіт үйленбей тұрып төсек қатынасына түсу керек - психолог

Психолог Кербез Егінбаева қыз балалардың жыныстық дамуында қазір едәуір өзгерістердің болып жатқанын тіпті қоғамда пәк қыз табу қиын екенін жеткізді. Бұл туралы маман El kz ақпараттық порталының Podcast time бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: podcasttime
Фото: podcasttime

Маман қыздар тұрмысқа шығар алдын ер жігітпен төсек қатынасына түсіп көруі керектігін мәлімдеді.

«Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді», - дейді ол.

Психолог қыз балалардың жыныстық дамуында да едәуір өзгерістердің болып жатқанын айтты.

«Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер уже армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте доступно нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жыныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда 9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес», - дейді психолог маман Кербез Егінбаева.

Желі қолданушылары психологтың бұл пікірі дұрыс емес екендігін айтып, пікір қалдырды.

«Жастарға не тәрбие беріп отыр, мына қыз?», «Масқара», «Кербез қалай коуч болып жүр», «Мына қызды сұхбатқа не үшін шақырдыңыз, не үйрете алады...», - деп жазды олар.

Что думаете об этом?
Нравится 9
Мне все равно 15
Забавно 311
Сочувствую 5
Возмутительно 28

В статье: