суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Қарақатпен танысқанда 18 жаста болатын»: Қыдырәлі Болманов жастық шағын еске алды

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында жастық шағын еске алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: әлеуметтік желі/ kydyrali_bolman
Фото: әлеуметтік желі/ kydyrali_bolman

Оның сөзінше, жұбайы Қарақатты 4 жылдай танып-біліп жүрген.

«Қарақатпен танысқанда ол 18 жаста болатын. Содан бері жұбымыз жазылмапты. 4 жылға жуық қасыма ертіп жүріп, қарындасымдай қарап әрі мінез-құлқын зерттеп жүріп, қолынан да ұстамаппын... Осы кезде есіме ауылым, балаң жігіт кезіміз еске оралды»,— дейді әнші.

Сондай-ақ, әнші ауылдағы жастық шағы туралы да айтқан.

«Сәл кейін шегінсек.. Қара шаңырақ Қарсақбай дейді біздің жақта. Сәтбаев атамыз тұрған ауыл. Ағылшындар алғашқы завод салған жер. Біздің бірге жүретін достарымыз спортқа, өнерге жақын болатын. Арақ-шарап дегенді татып алмайтынбыз! Біздің «вечерлеріміз» керемет көңілді өтетін.

Небір билер биленіп, отыра қалып, сағаттап гитарамен ән айтатынбыз.

 Сосын жанды дыбыста менің «жеке концертіме» жалғасып, таңа ата тарайтынбыз. Вечерге келген ауылдың әрбір сұлуын үйлеріне дейін шығарып салып, ешкімге жәбірлетпей, қабақтарына кірбің түсірмеуге тырысып, кәдімгідей қамқор болатынбыз. Кеш бойы қадағалап қарайтынбыз. Жасөспірім жігіттерміз. 16-17 лер шамасында болармыз. Әрі кеткенде баяу әнге қыздарды вальсқа шақырамыз»,— деп еске алған өнер иесі.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 2
Возмутительно 2