пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

«Тойды сағыныппын»: Тойға шыққан Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті

Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйінде ұсталып, темір торға отырып шыққан болатын. Осы оқиғадан кейін көрінбей кеткен әнші қайта тойға шыға бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/toregalitoreali/
Фото: instagram.com/toregalitoreali/

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында той қонақтарының ортасында ән айтып тұрған видеосын жариялады.

«Біреулердің көргені, сабақ болады. Біреудікі өзіне сауап болады. Ағайын, мен сіздерді қатты сағындым. Тойды да сағыныппын палаткадағы», — деп жазды Төреғали Төреәлі.

Ал желі қолданушылары әншінің жаңа жазбасына түрлі пікір білдірді.

«Сен баланың етің үйреніп кетті-ау. Төрт жол тақпақпен жарқ етіп, шыға келесің», «Сізді сағындық», «Аман бол», «Өзім қолдап отырамын», «Тыныш жүрсең, ешкім соқтықпайды», «Дым болмағандай қалай жүрсіз», «Сізді қайта көргеніме қуаныштымын», «Тірі адам тіршілігін жасайды», — деп жазды желідегілер.

Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді.

Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған.

Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 1
Забавно 8
Сочувствую 0
Возмутительно 0