среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

«Мектеп бағдарламасына төсек туралы арнайы сабақ қосылу керек»: Психолог, интимтренер ажырасуға жиі ықпал ететін себептердің бірін атады

Психолог, интимтренер Айдана Сәкенқызы ажырасудың басты факторы ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы екенін жеткізді. Бұл туралы маман El kz ақпараттық порталының PodcastTime бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Маман ата-ана, балаларымен ашық тақырыпта жиі сөз қозғап әңгімелесу керектігін жеткізді.

«Бізге осы кезге дейін қамыр жаю, өзіңді қалай ұстау, келіндік қызмет секілді нәрселерді үйретті. Сен инабатты, ибалы келінсің тағы басқа сөздерді санамызға құйды. Бізді ата-анамыз өсірген кезде айтпады ғой төсекте сүйт, бүйт деп. Тіпті ол тақырыппен ашық сөйлеспейміз.

Қазақтың келіндері жалпы қыздары инабатты, ибалы болып келеді де сосын біз білмейміз тұрмыс құрғаннан кейін түнде не істеу керектігін білмейміз. Күндізгі шаруаның барлығын біз күшті жасаймыз.

Сәлемді керемет саламыз, қонақты күтіп аламыз. Бірақ түнге келген кезде сол халатпен орамалмен инабатты келін рөлінен шыға алмай қаламыз. Сондықтан бізде көзге шөп салу көп. Әйел ешкіммен сөйлесе алмайды, ол жылайды», — дейді маман. 

Психолог мектеп бағдарламасына төсек туралы арнайы сабақтар қосылу керек. Көп жағдайда ажырасуға алып келетін фактор екі тараптың төсекте бір-біріне белсенді болмауы деп түсіндірді.

«Ер мен әйелдің арасында төсек тақырыбы болмағаннан кейін, ашылмағаннан кейін еркек те, әйел де айтпайды. Қандай болу керектігін әйел білмейді. Себебі бізде осы уақытқа дейін интернетте көрсеткен жоқ», — дейді сексолог Айдана Сәкенқызы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 11
Сочувствую 0
Возмутительно 1