Пригожинмен бірге ұшақта ұшқан жалғыз стюардесса әйел Қазақстанда туып-өскен. Ол кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, Ресейге көшіп кеткен екен деп хабарлайды altyn-orda.kz.
39 жастағы стюардесса Кристина Распопованың балалық шағы Қазақстанда өтті. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін бойжеткен биіктерге жету және мансабын құру үшін Мәскеуге кеткен .
Ол жақында Санкт-Петерборға көшіп келген, ол жерде MNT Aero компаниясында жеке стюардесса болып жұмыс істеген
«Кристина жеке ұшақтарда стюардесса болған және Пригожинге ешқандай қатысы болмаған. Ұшақты кез келген адам жалдай алады .Оның әуе компаниясымен келісімі ғана болған, ал кез- келген адам ұшақты жалға алатын болғандықтан, оның ұшатын адамға еш қатысы болмаған », — дейді марқұмның туысы.