пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

«Алладан алыстататын заттардан ақырындап бас тартуымыз керек»: Әнші Айдана Меденова

Әнші Айдана Меденова неліктен өнерден кеткенін айтты. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram/aidanamedenova_officialpage
Фото: instagram/aidanamedenova_officialpage

Сахнадан кетіп, дін жолына түскен Айдана Меденова бір кездері өмірінің бөлшегі болған өнерден қалай бас тартқанын баяндады.

«Ән айтуды тастадым. Өмір бойы ғашық болған ісім менің көңілімді қалдырды. Исламды тани бастаған сайын, Алланың сөздерін оқыған сайын хадис, тафсирлерді оқып, білім алған сайын көп нәрсеге басқаша қарай бастаймыз. Біз жәй өмірде көп дүниеге мән бермейміз, байқамаймыз. Бірақ бізді Алладан алыстататын заттардан ақырындап бас тартуымыз керек. Өйткені бізді жаратқан Алла. Әрине, басында іштей қарысылық болды. Неге болмайды дегендей. Бірақ Алланың айтқан сөздерін, дәлелі бар көп хадистерге тек жүрек ашылғанда, дайын болғада көз жетеді екен. Бір жүректе Құран мен музыка өмір сүре алмайды. Бұл – факт», - дейді Айдана Меденова.

Өнерпаз өміріндегі маңызды шешімнің бірін қабылдар кезде күйеуінің демеу беріп, қолдағанын да айтты.

«Күйеуім орамалға қарсы болмады. Керісінше, қолдау көрсетті. Күйеулері қарсы болып жатқан отбасыларды көріп жүрмін. Ондай әйелдерге Алла көмектессін. Ең жақын адамың түсінбеуі, қолдамауы өте ауыр сынақ деп ойлаймын. Әйелдер орамалды адамдардың емес, Алланың разылығы үшін ғана киеді. Басқасын мен түсінбеймін», - деп жазды ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1