Жастар арасында Kalifariniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев «Түнгі студия» бағдарламасында алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың: «Қазақстандық жас әншілер елімізде ғана емес, шетелдерде де концерт берсе екен, сол жақтан ақша алып келсе екен деп ойлаймыз. Қандай жоспарларың бар?» деген сауалына Фархат: «Бұйырса Американың үш қаласында концерт бергелі жатырмын. Сол жақтан ұсыныс түсті. Қазіргі кезде көршілес Қытай, одан кейін Оңтүстік Корея елдерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазан айында Американың Нью-Йорк, Майами және Чикаго қалаларында концерт өтеді», – деп жауап берді.
Жақында биші қызға үйленген Kalifariniya шетелдегі концерттеріне келіншегінсіз аттанатынын айтты.
«Менімен ермейді, үйде қалады. Бұл біздің ортақ шешім», – дейді Фархат.