Көпшілікке NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Ол «Мархабат» бағдарламасында ай сайын пәтерге 2 млн теңге төлейтінін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Айына 2 млн теңге төлеймін. Алдында 6 млн теңге деп айттым, ол үш айға төленді. Қазір тұрып жатқан үйім 500 мың доллар тұратын үй. Мен 500 мың доллар тұратын үйді сатып алғанша, ол ақшаны өзіме инвестицияға құяйын. Кәдімгі үлкен пәтер. Өз үйімді саттым. Бәріне «Үйіңді сатып, 2 млн теңгелік пәтерге шық» деп айтпаймын. Ақшам болмаса, пәтерден шығарып жіберуі мүмкін. Мен өзіме сенемін. Өзімнің кәсібімді білемін. Сондықтан соған инвестиция жасаймын», - деді Нұрдәулет Бектұрсын.