пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Қайын әпкесі мал деп атаған»: Экс-депутаттың келіні жұмбақ жағдайда өлі табылды

Қызылордалық экс-депутаттың келіні, хореограф Зере Әбутәліпова 21 шілде күні қора маңынан асылған күйінде табылды. Марқұмның жақындары қайғылы жағдайға қызының қайынжұрты кінәлі деп санайды. Полиция жас келіншектің өлімін суицидпен байланыстырып қылмыстық іс қозғаған, алайда жақындары Зеренің өз өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғыдан қан жұтып отырған ананың күмәні көп. Анасының айтуынша, аз уақыт бұрын құдасы көз жұмған, содан бері қызының қылығы қайын енесі мен қайын әпкесіне жақпапты.

«Қызымның үйіне 2 күн бұрын келгенімде үлгеретін едім. Сенбі күні барамын деп отырған кезде жұма күні мынадай хабар естігенде қатты қиналдым. Қызымды өлтіреді деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Мұндай жауыздыққа барады деп кім ойлайды. Менің қызым өз өзін өлтірмейді. Мен оған сенімдімін. Қызымның өлімінің себепкері сол енесі мен қайынәпкесі деп ойлаймын. Арасында енесі мен қайын апасы жұмысқа шығып кеткен кезде үлгеріп бір хабарласып қалады. 10-15 минут тез сөйлейді. Енесі мен қайынапасы туралы айтады. Отырсам опақ, тұрсам сопақ, күн бермейді, не істесем де жақпадым осыларға деп айтады. Менің қызым ол үйдегі бір сырды біледі. Ол үйде сыртқа тарап кетпесін дейтін бір сыр бар. Әйтпесе тұрмысқа шыққалы төркінге жібермейді, үйге қондырмайды.

Құдамыз ауданға белгілі меценат-кәсіпкер Есенов Расул. Өте жақсы кісі, ол туралы жаман нәрсе айта алмаймын. Қайынатасы қайтыс болғаннан кейін қызым маған хабарласып атам қайтқалы үйдегі атмосфера мүлде өзгеріп кетті, бәрі маған құл секілді қарайды деп айтатын. Қайынапасы Фатима білім министрлігінде жұмыс істейтін. Әкесі қайтқаннан кейін жұмысын бәрін тастап ауылға щаруашылықтың барлығын өз қолыма аламын деп келеді. Қызымның айтуынша, Фатима келгелі Фархатқа күн бермейді. Сен басқара алмайсың, мен директор боламын дейді екен», - деді анасы Гүлжан Берікболова.

Ал Зеренің әжесінің айтуынша, немересіне қайын әпкесі жекіп сөйлеп, «мал» деп атайтын көрінеді.

«Шындап келгенде ол үйде ешқандай жағдайы болған жоқ. Атасы келгенде ғана Зереге біреуің көмектессеңдерші, балаға қарасаңдаршы деп айтады. Ол кеткеннен кейін бәрі қаз қалпына түседі. Одан кейін қайынапасы, кішкентай күнінен бірге билеп, үйірмеге қатысып жүрген Фатима келін істейді, Зере жасайды деп сілтеп отыратын. Оның аты Зере емес, мал болды. «Ей мал» күшіктерің мына жерге дәрет сындырып кетпесін, "ей мал" сен су әпер деп сөйлейді. Сол сөздердің бәрін ести отырып, неге сол кезде қызымды жұлып алып кетпедім деп өкінемін», - деді әжесі Әлия Аманбаева.

Хореограф Зере Әбутәліпованың ағасы қарындасы қаза тапқан кезде денесін көріп, мойнынан қол іздерін анық байқағанын жеткізді.

«21 шілде күні таңертең естідім. Таныс жігіт хабарласып қарындасыңызға бірдеңе болды-ау, үйлеріне жедел жәрдем келіп тұр деді. Барсам жедел жәрдем жоқ, бірақ полиция бар екен. Үйге кірсем күйеубала мен құдағи екеуі сөзге келіп тұр екен. Фархат түбіне жеттіңдер ме, сендерге керегі осы ма еді деп айтты. Үйде қарындасым жоқ екен, сосын көрейін деп сырттан іздедім. Барып қарасам қарындасым жатыр екен. Қай жерде болды десем ешқайсында жауап жоқ. Қарындасымның бетін ашып қарасам сол жақ шекесінде көгерген із тұр. Сосын мойнында қолдың ізі тұр. Жіп жоқ. Денесін көру үшін келіншегімді шақырдым. Сол жерде аудан прокуроры тұр екен, жуындыруға әкете береміз бе деді. Жоқ дедім. Фельдшерлер келіп денесінде жарақат жоқ деп айтты. Бірақ мен жарақатты көріп қойдым ғой», - деді ағасы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 3
Сочувствую 0
Возмутительно 0