понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Көшеде аналарға құрмет көрсеткен атыраулықтың видеосы көпті сүйсінтті

Көшеде аналарды қуантып, тәж сыйлаған атыраулық жігіт осындай жолмен аналарға құрмет көрсетуді шешкен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: әлуметтік желі
Фото: әлуметтік желі

Әлеуметтік желілерде қысқа мерзімде мыңдаған қаралым жинап, көптеген адамның алғысына бөленген видео иесін біз анықтап, өзімен байланысқа шықтық.

Ерекше жолмен «Мисс Атырауды» анықтаған жігіттің есімі Ақниет Сарбасбай болып шықты. 24 жастағы Ақниет Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында дүниеге келген.

«Мамандығым - журналист. Қазіргі таңда шағын жеке кәсіппен айналысамын. Қазір әлеуметтік желінің заманы болғандықтан, инстаграмда қызықты және адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайтын видеолар түсіргенді ұнатамын. Ал, шын мәнінде аналар қандай құрметке де лайық», — деді Ақниет.

Ақниет аналарға «сіз «Мисс Атырау» атағын жеңіп алдыңыз» деген уақытта реакциялар әртүрлі болды. Әсіресе, әжей қатты таңқалған.

«Шын мәнінде, аналар барлық құрметке лайық. Менің ойымша, аналардың бәрі ханшайым. Сондықтан, осындай жолммен болса да, ол кісілерге керемет көңіл-күй сыйлағым келді», — дейді Ақниет Сарбасбай.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0