воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Әнші Бүркіт «әйеліне Болат Назарбаевтың көзі түскен» деген сыбысқа нүкте қойды

Әнші Бүркіт ел арасында тараған әйелі Айшаға Болат Назарбаевтың көзі түсіп, алып қашқаны туралы тараған ақпараттың анық-қанығын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әншінің айтуынша, Болат Назарбаев оларды тойына жиі шақырады. Бірақ ешқашан ерсі әрекет көрсетпегенін атап өтті.

«Ол кісіден ешқашан ондай сөз, әрекет дегенді естіген емеспін. «Алып қашты» дегенді талай естігем. Талай жазды ғой бізге. Жаза береді. Содан кейін Бүркіт «барып, атысып, қырылысып, зорға дегенде екі-үш күннен кейін қайтарып алды» дейді. Сөзім жоқ. Өсек шығарған адамды табу керек еді негізі. Егер ондай болса, осы уақытқа дейін еститін еді ғой. Жанымызда жүр ғой, Мақпал әпкеміз бар, Жүнісова. Тағы көп әнші бар, ұйымдастырушылар бар. Еститін еді ғой біреуі, көретін еді. Біз әрқашан да баратынбыз. Ол кісінің керісінше ондайы жоқ, сабырлы. «Қалай балам, жақсы ма бәрі?» дейді. Өзінің дастарханына отырғызып қояды. Талай тойына бардық қой. Ақшасын береді, төлейді. «Болды, жақсы, рақмет» деп қайтамыз», - деді «Уақыт көрсетеді» арнасына сұхбат берген әнші.

Бүркіт тіпті Болат Назарбаевтан ұялып жүргенін атап өтеді. Өйткені айтуынша, өсек ол кісіге де жеткен деп болжайды.

«Әдейі жасап жатқан сияқты. Бұл - өтірік, өсектің нағыз өсегі. Аиша да "елдің бәрі әбден сенетін болды-ау, қанша жыл болды" дейді. Жарайды енді, не істейміз енді? Мен бұл туралы ешқашан сұхбат берген жоқпын. Бір-ақ рет Instagram-да айтқанмын, «Осындайларыңды қойыңдар, өтірік-өсектерге сене бермеңдер» деп айтқанмын», - дейді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 2
Забавно 1
Сочувствую 1
Возмутительно 1