пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-2oC
×

Әнші Гүлмира Ақүрпекова сахнадан көрінбей кетуінің сырын ашып айтты

Гитарамен ән айтып танылған Гүлмира Ақүрпекова сахнадан көрінбей кетуінің сырын ашып айтты, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадр видео
Кадр видео

Бұл туралы өнер иесі «Ұйқым келмейді» бағдарламасында бөлісті. Оның айтуынша, ол белгілі бір уақытқа демалыс алған.

«Бұл сұрақ маған көп қойлады. Жас кезімде де көп шыға бермейтін едім. Шақырылмаған жерге бармаймын, шақырған жерден қалмаймын, табиғаты солай. Бірақ шақырған жерді таңдаймын, алдымен форматын, сұрақтарын сұрап аламын. Жастармен жарысқым келмейді. 2003 жылы жеке концерт бердім ғой. Одан бұрын ел «неге жоқ болып кеттіңіз?» деді. Ол кезде тұрмысқа шықтым, балалы болдым. Қыз бала болғаннан кейін солай болады ғой. 2012-2013 жылға дейін еліміздің аудан, ауылға барып, жеке кешімді бердім. Одан кейін кішкене демалдым. Енді жан-жағыма қарасам, бәрі өзгерген. Жастар өсіп келе жатыр. Олардың көзқарасы тіпті басқа. Жастардың әнін айтайын десем, келмейді. Біз жарастырып айта алмаймыз. Ескі әндерге де шақыртулар аз болады. Ол үшін бір хайп жасау керек. Оны да жасай алмаймын. Біздің жасымыздағы әншілер, біздің буын осы ұмытылмайтын әндерді, мықты композиторлардың әндерін насихаттап, жастарға үлгі болуымыз керек. Сондықтан шақырылған жерді таңдап барамын», − деді Гүлмира Ақүрпекова.

Айта кетейік, Гүлмира Ақүрпекованың «Әйел монологы», «Тамды ару», «Нұрлы арман», «Шырқа, гитара» деген әндері бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1