«Тағы тусам ғой деген ниетте жүрдім»: Баян Мақсатқызының келіні не үшін ажырасқанын айтты

Танымал әнші Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасқан кездегі жағдайын еске алды. Бұл туралы өнер иесі «Мамский әңгімеде» айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: әлуметтік желі

«Бүкіл әлемге ренжідім. 27 жасымда, әсіресе, ер адамыңды сүйген кезде, ол адамнан қызың бар кезде ол процесс өте ауыр өтеді. Менде өте ауыр болды. Мүлдем білдірмеуге тырыстым. Әрине, оған дейін мен армандаған отбасылық бақытқа ұмтылдым.

Ол болмады. Мүмкін мен Айдарға ойындағыдай әйел бола алмадым, ол да маған мен армандағандай ер азамат бола алмады. Екеуміздің тәрбиеміз, өскен жеріміз екі түрлі.

Мүмкін оның да әсері болды ма?! Карантин, бала, тұрақты табыс жоқтығы - барлығы үлесін қосты. Екеуміз де танымал адам болдық. Мүмкін өсек сөздің де ергені болар. ... Екеуміз бір шешімге келе алмай қойдық», — дейді ол.

Әншінің сөзінше, арақатынастың ажырауына қызғаныш та себеп болған.

«Ол актер ретінде карьерасын енді бастап жатты. Мен қыз бала болған соң сол ғой, семья үшін карьерадан, бәрінен баз кеше саласың. Айдар риза болуы үшін ән айтпаймын да (деп жүрдім - еск.), ешнәрсе қызық та болған жоқ.

Тағы тусам ғой деген ниетте жүрдім. Айдар енді бастап жатты. Ол жиі түсірілімдерге барып, қарқынды актер ретінде дамуға тырысты. Маған оны басқа партнерлермен көру ауыр болды.

Меншікті менің адамым болса екен дедім. Оның үстіне күйзеліс, босанғаннан кейінгі күйзеліс, Айдар басқа ортада жүр.

Сонымен нүктесі қызғаныш болды. Телехикаядағы қызғаныш болды. Тым болмағанда әйелі ретінде емес, Айлананың анасы ретінде бір ауыз ескерту керек пе еді деп ойлаймын. Қанша ашулансақ та, ұрысып жүрсек те қоғам үшін ерлі-зайыптымыз, ортада бала бар.

Мен қатты қызғанбайтын ба едім, қызғаныш та емес, ол ренішке көбірек келеді. «Осындай сахна болайын деп жатыр. Жарқынай, ренжіме» (деп айтуы керек еді - еск.). Сүйісетін сахна. Ол жыр болған оқиға. ...Мен ол нәрсеге шыдағым келген жоқ», — дейді әнші.