пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

«Бәрін жылатты»: Әнші Медеу Арынбаев марқұм әйелі туралы естеліктермен бөлісті

Танымал әнші Медеу Арынбаев ұзақ үзілістен кейін сахнаға оралып, өнерін сағынған тыңдарманына Алматыда жеке кешін берді. Концертті ұйымдастырушылар өнер иесіне тосынсый жасап, жеке мұрағатындағы видеоларды үлкен экраннан көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото коллаж Stan.kz
Фото коллаж Stan.kz

Бейнежазбадан Медеу Арынбаевтың марқұм әйелі Айгүлді көруге болады.

Концерт барысындағы әсерлі сәтті Бауыржан Карипов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Медеу аға бәрін жылатты. Концертте ұйымдастырушылар Медеудің марқұм әйеліне арнап жасаған жеке мұрағатынан видео көрсетті. Медеудің бұдан хабары жоқ, әрине. Не деген махаббат десеңші! 25 жыл бұрын тойында болған достары, әріптестері – әншілер бүгін шығармашылық кешінде отыр. Махаббат жайлы әндері - бәрін әйеліне арнапты. Қос құлынын сахнаға шығарып «Біз осындаймыз, біз бақыттымыз. Анасы төбемізден қарап тұр» деді», — делінген жазбада.

Айта кетейік, әнші әйелі Айгүлдің қазасынан кейін екінші рет үйленген жоқ. Бүгінде Дәулет, Даяна есімді бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр. Бұған дейін Медеу Арынбаев екінші рет үйленбеуінің себебін түсіндірген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 6