Белгілі эстрада жұлдызы Төреғали Төрәлінің қарындасы Фариза Төрәлі жолдасына қымбат көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұлдызды әулеттің күйеубаласы, джиу-джитсумен айналысатын атлет – Дархан Нортаев.
«Жолдасым өзіне бір ай бұрын көлік тапсырыс берген. Әлі бірнеше ай күту керек деп ойлап жүрген. Ертерек келетінін білмеді, ал біз қайын ағаммен ойласып тосын-сый жасайық деп келісіп алдық. Жақындарымды таңғы асқа шақырып, көлікті безендіріп тосынсый ұйымдастырып жібердік.
Шыны керек әрдайым қауымды, оқырмандарды, жақындарымызды қуантуды бірінші орынға қойып, түрлі сыйлық жасаудан екеуміз рахат алып соған үйреніп қалған екенбіз. Дархан қалауындағы көлікке отырып жатса да әлі сенгісіз, қызық бір үйреншіксіз сезімде жүрміз екеуміз.
Қандай нығметке қол жеткізіп жатсаң да ол сенен емес Раббыңнан екенін ешқашан естен шығармау керек. Бәрі бірден бола қоймайды, енді шаңырақ көтеріп жатқанда бұндайды армандамаған да едік. Бәрі өз уақытымен, тәжірибе жинаумен, әрекет етумен болуда. Баршаңызға жұғысты болсын деймін! Әумин деп қойыңыздар», — деп жазды блогер.
Қуанышы қойнына сыймаған спортшы өзі былай деді:
«Айтпақшы, автобус алдым. Мені енді осы машинада жиі көретін боласыңдар. АҚШ-қа барғанда осы көлікті көріп, қатты «ауырып» қалғаным бар. Салонға барып тек көріп қайттым. 100 пайыз барлық жағынан ұнады. Елге тапсырыс беріп, біраз күтіп жүргенмін. График бойынша келуіне бірнеше күн бар еді. Фариза мен ағам ғана көліктің елге келгенін естіпті. Маған солай тосынсый жасады. Мықты еркектің артында әйел тұрады», — деп жазды парақшасына спортшы.
Қос жұптың оқырмандары құтты болсын айтып жатса, бірі: «Фаризаның курс сатып ақша тауып» жүргенін де сынап жатыр.
Айтуларынша, халықтың ақшасына жиналған қаражатқа көлік алыпты.