воскресенье, 12 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Айнұр Тұрсынбаеваның 300 мың теңге тұратын курсын қанша адам алады

Бұрын айтыскер ретінде танылып, қазір «мотиватор-психолог» болып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның онлайн қызметтері заңды ма, заңсыз ба? Бұл сұраққа белгілі заңгер Нұрсұлтан Орынбек «Сұрауы бар» Youtube-арнасындағы сұхбат беру барасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com / aidyn_nury
Фото: instagram.com / aidyn_nury

Еске сала кетсек, Айнұр Тұрсынбаваның кеңес беру үшін 300 мың теңге, жеке кездесу үшін 1 млн теңге сұрайтыны қоғамда қызу талқыланған болатын.

Ақылы қызметтері жайлы ақын өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған.

Заңгердің айтуынша, оқырмандардан сұраныс көп түскендіктен ол Тұрсынбаеваға өзі хабарласыпты.

«Айнұр апайымызға хабарластым. Мәселе туындап, сөз еріп жатыр, өзіңіз де айтыпсыз дедім. Ол өзіне қорқып, үрейленіп жүрген, өлім туралы жиі ойлайтын азаматтардың хабарласатынын жеткізді. «300 мың теңгені күн де істеп жатқан жоқпын, айына 4 адамнан ұсыныс түседі, соларды тыңдап, оларға психологиялық кеңесімді беремін» дейді. Ал 1 миллиондық кездесуді ол кісі жоққа шығарды»,  — дейді заңгер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0