суббота, 4 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

«Хабар» телеарнасы Желтоқсан оқиғасы туралы фильмді эфирден алып тастаған

Мемлекеттік «Хабар» арнасы «Желтоқсан желі» деректі фильмін эфирден алып тастаған. Режиссер Әсия Байғожина түсірген фильмнің тұсаукесері арнадан көрсетілуі тиіс болған, алайда оның орнына шетелдік фильмді қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: elimai.kz
Фото: elimai.kz

«Желтоқсан желі» фильмінің көрсетілімі 16 желтоқсанға жоспарланған.

Бірақ ол эфирден сол күйі көрсетілмеген. Бұл туралы Facebook парақшасында лақап аты – Jfk Qazaqstan деген қолданушы мәлімдеді.

«Бүгін «Хабар» телеарнасында прайм-таймда 1986 жылғы оқиға туралы «Желтоқсан желі» деректі фильмінің премьерасы өтуі тиіс еді. Мұрағаттармен және оқиғаның куәгерлерімен үлкен жұмыс атқарылды. Режиссерлік және авторлық топтың құрамында – менің әпкем Мереке болды. Алайда, фильм көрсетілмеді. Оның орнына соңғы сәтте Голливудтың «тамаша» көркем фильмі жіберілген», — деп жазады желі қолданушысы.

Фильмнің режиссері Әсия Байғожина материалдың көрсетілмейтіні туралы өзін ескертпегенін және ешқандай түсініктеме алмағанын жеткізді.

Сонымен қоса «Хабар» телеарнасының директоры Арман Сейітмамыт бұл мәселеге қатысты пікір айтудан бас тартқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1