Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 87 жасқа толды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал әнші Рамазан Стамғазы өнер иесін мерейлі жасымен құттықтап, әлеуметтік желіде жазба арнады.
«Бүгін Қазақтың аяулы ұлы, Қазақстанның халық артисі, Мемелекеттік силықтық лауреаты, профессор Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың туған күні!
Ағамыздың Қазақ сахнасында жүргеніне 70-жыл толды, бар өмірін өнерге арнаған, өнердің көшін өрге тартқан аңыз адам.
Аға көп жасаңыз, жасыңызға жас қосып биікте жүріңіз. Сізді тыңдайтын,силайтын, жолыңызды күтетін,қалың жұрт аман тұрғанда сіз биіктесіз, ауырмай, әніңізді жалғап аман жүріңіз, жастан-жасқа жетіңіз!» — деп жазды Рамазан Стамғазы.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Доланалы ауылында дүниеге келген.
Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ел арасында хитке айналған трендті түсіріп, ел қошеметіне ие болғаны хабарланды.