пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Алтынай Жорабаева қызына қандай есім қойғанын айтты

Әнші Алтынай Жорабаева бірнеше күн бұрын бесінші перзентін өмірге әкелді. Өнер иесі қызына қандай есім қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Instagram парақшасына жаңа туған нәрестесімен сурет жариялаған.

«Амина Әлішерқызы. Қош келдің, ботам! Бес қызым - бес бармағым. «Аман-есен жаның қалсын» деген тілектеріңіз қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. «Босанатын әйелдің бір аяғы - жерде, бір аяғы – көрде» дегендей, сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс.

Серіктес боп әпкем кірді. Ер адамның серіктес болғанын құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есік алдында дұға жасаумен болды. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз еселеп қайтсын», — деп жазды Жорабаева.

Айта кетейік, күні кеше Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды көпшілікке Гүлнұр Оразымбетова жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0