суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-7oC
×

Ұлына бренд сөмке сатып алған Ерке Есмахан елден сөз естіді

Танымал әнші Ерке Есмахан қымбат сөмке сатып алғаны үшін оқырмандарынан сөз естіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото коллаж stan.kz
Фото коллаж stan.kz

Жұлдызды жұп Ерке мен Райым балаларымен бірге шетелде демалуға аттанбақшы.  

«Екеуміз ұнаған екі арбаны сатып алдық. Исламның сөмкесін дайындап жүрмін. Әкесіне ұнағаны сонша, бағасына қарамастан сатып алады. Бірақ бәрібір мен ұстаймын. Балаларға арналған арқаға асатын сөмке де іздеп жүрміз. Қазір заттарын саламыз, кейін өзі ұстап жүреді», — дейді әнші.

Алайда өнер иесінің оқырмандары кішкентай сәбиге қымбат сөмке алғанын сынап жатыр. Оған да әншінің берер жауабы дайын екен.

«Кішкентай балаға қымбат бренд сумка не керек? 5 баланың затын пакетке салып-ақ өсіргенбіз. Анау-мынау» деп жазып жатқан аналарға айтарым: күйеуімді де, мені де ата-аналарымыз пакетпен, коляскасыз, үлкендерден қалған киімдерді кигізіп өсірген. Қарапайым жанұядан шыққанбыз. Сонда да ештеңеден кем қылмады, шүкір!

Енді әкесі де, мен де осы балаларымызға заманға сай бар жақсыны алуға, қолымыздан келгенді жасауға тырысып жүрміз. Аллаға шүкір. Адал табысымызды балаларымызға жұмсамағанда қайда жұмсаймыз?! Құтты болсын айтсаңыздар, жұғысты болады», — деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, жақында әнші ұлын қырқынан шығарып, шетелге демалуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Что думаете об этом?
Нравится 19
Мне все равно 11
Забавно 2
Сочувствую 0
Возмутительно 3