пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.41
icon
477.78
icon
4.84
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

«Үйдегілерге жақпай қалдым»: Өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленген әнші сырын ақтарды

Екі апта бұрын шаңырақ көтерген әнші Ринат Шамшырақ әйелі туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/rinat_shamshyrak
Фото: instagram.com/rinat_shamshyrak

Әншінің таңдауы Аружан есімді қызға түскен. Бұл туралы ол Қызықты weekend бағдарламасында бөлісті. 

«Жақсы дос болып араластық. Бұл әңгіме үйдегілерге жетті. Алғашқыда анам әйелімнің менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын, баласы барын білмеді. Кейін «үйге әкел, Жаңа жылды бірге тойлайық» деді.

Ауылдан қайтқаннан кейін ауылдағылар зерттеп қызыққан. Содан туысқандар арасында әңгіме басталды. Анам басқаша көзқараста болды. Анам «сенен үлкен ғой, болашағың алда» деді. Мен жарайды дей салдым.

Сөйтіп туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты. Не істеймін деп жүрдім. Сөйтіп ауырып, ауруханаға түстім. Сөйтіп күнде келіп жүрді.

Үйдегілерге жақпай қалдым. Сөйтіп алдымнан шыққан басқа қыздармен сөйлесе бастадым. Бірақ ұмыта алмадым», — деді ол. 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0