Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт алты баласы бар жалғызбасты әйелге үй сыйлады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан әйел қыстың суығына қарамастан шар сататыны көрінеді.
«Алты баласы бар жалғызбасты әйелдің бір ұлы қант диабетіне шалдыққан. Әйелдің өзінің жүрегіне байланысты проблемасы бар. Олар жалдамалы пәтерде тұрады», — деп жазылған видеода.
Қара бетперде таққан жігіт әйелге қаржылай көмек пен үй сыйлады. Желі қолданушылары қайырымды жігітке риза болды.
«Көзіме жас келді, Алла разы болсын», «Қайыр сұрап сұлап жатпай, араққа салынбай балаларын бағып қағып жүрген текті ана екен», «Ешкімнен көмек сұрамай, Алланың көмегімен жеткізіп жүрмін дейді. Ер мінезді әйел екен. Жарайсың!» — деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте тұратын отбасыға үй сыйлағаны хабарланды.