пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Елордалық 95 жастағы сәнқой әже жұртты таңғалдырды

Астаналық әжей Жамария Хабан өзінің сәнді киімімен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Таңшолпан» бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Еңбекке ерте араласқан әже, сәнді киіну мүмкін болмағанын айтады.

«Балаларымның күтімі жақсы. Тамағымды дайындап береді. Аяғымды жерге тигізбейді. Осылардың арқасында тірі жүрмін. Таңертең тұра сала жылы суға бір қасық бал салып ішемін», - деді Жамария әже.

Немере келіні Айжібек Бекболат сәнді киінген әжесін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жүр.

«Экранға шығу жас кезінен арманы болған екен. Бізбен бірге сауда орталықтарына киініп, әдемі болып барады. Бетін боятуға да қарсы емес. Жұрттың ойы әжемді еш қызықтырмайды», - дейді келіні.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0