воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Мақпал Исабекова екінші баласына аяғы ауыр екенін хабарлады

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова екінші рет аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Мақпал Исабекова
Фото: Мақпал Исабекова

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бүгін тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қабылдағаныма үш жыл толды. 2022 жылғы 14 ақпанда Теодорға аяғым ауыр екенін хабарладым. 2023 жылғы 14 ақпанда сіздер оны алғаш рет көрдіңіздер, - деп жазды әнші.

Қуанышты жаңалығын видеода көрсеткен әнші құттықтауды пікір ретінде қалдыруға болатынын айтты.

Ал өнер иесінің тыңдарманы оның қуанышына ортақтасып, игі тілектерін жеткізген.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылғы мамырда тұрмысқа шықты. Алдымен мұсылманша некесін қидырған жұп шілдеде тойын өткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0