воскресенье, 28 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«20 миллион теңге жұмсадым»: Мөлдір Әуелбекова қоныс тойын тойлады

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа үйіне көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: Instagram.com/moldir.auyelbekova

Өнер иесі екі айдан бері жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ұлының 7 жасына сыйлаған баспана дайын болған. 

«Пәтер алып, құрылысын жасап толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін су жаңа болды. Есесіне 80 миллион теңге шығын кетті. Пәтер құны 60 миллион болса, 20 миллион теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалды», — деді өнер иесі.

Сонымен қатар әнші әр бөлмені жеке-жеке көрсетті. Ұлы мен қызының бөлмесіне және қонақ күтетін бөлмеге ерекше тоқталды. 

«Естеріңізде болса, ұлымның туған күніне пәтер сыйлаған едім. Міне, су жаңа пәтер дайын. Бірінші ұлымның бөлмесі. Өзіне қатты ұнады. Сабағына керек-жабдықтың бәрі бар. Қазақ болғасын қонақ шақырамыз. Қазақша стильдегі қонақ бөлмеміз. Жер үстел қойып, дастархан жаямыз. Перденің бәрі бөлмеге сай үйлесіммен алынды. Ас үйіміз де өзімізге ұнады. Өнердегі досым 1 миллион теңге көрімдік беріп еді, сол ақшаға түгел ыдыс-аяқ алдым. Кір жуатын бөлек бөлме бар. Гардеробымыз әлі жиналмады. Шағын ғана пәтеріміз құтты болсын!» — деді өнер иесі. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2