пятница, 10 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Ерке Есмахан Алматыдағы зілзаладан кейін жер үй алды

Танымал әнші Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі. 

Фото: Instagram.com/@erke_esmahan
Фото: Instagram.com/@erke_esmahan

«Бүгін біздің жанұяда қуаныш! Оны мен айтпасам, күйеуім айтпайды сіздерге.

Қысқасы, Сүйінші! Жер үйлі болдық. Күйеуім көптен іздегенін тапты.

Аллаға сансыз шүкір! Алла берекелі, хайырлы етсін! Бүгін жер сілкінісінен соң ес жиып, қорыққаннан тез тез барып келісім-шартқа қол қойып келдік.

Енді салынып біткенін күтеміз. Алла түрлі табиғи апаттардан сақтасын.

Тек аманшылық болсын. Енді күйеуім екеуміз қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз. Алла тіл, сөз, көзден аулақ қылсын. Қожайынның таңдауы – вилла!» — деп жазды танымал әнші.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 наурызында Алматыда күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің күші 5 балл болып тіркелді.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2