пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

«Музарт» тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаев қазір қайда жүр

Әнші Мақсат Базарбаевтың «Музарт» тобынан кеткеніне 20 жылға жуық уақыт өткен. Өнер иесі «ХабарLike» бағдарламасында қазір қайда жүргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/maksat_bazarbay
Фото: instagram.com/maksat_bazarbay

«Негізі өнердің ортасында жүрмін. Алматы қаласында «Алматы әуендері» ұжымында жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметтемін. Өнерді бала кезден бастадым.

1998 жылы сахнаға шығып бастадым. 2001 жылға дейін «Бауыржан шоу» театрында әнші, актер болдым.

2001 жылы «Музарт» тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық.

Ең алғаш «Сенің көзің» деген әнді жаздырдық. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын - біргеміз. Байланыстамыз», — деді Мақсат Базарбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мақсат Базарбаев әлеуметтік желідегі жазба жариялап, достарының азайып бара жатқанын айтқан болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 17
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 3
Возмутительно 1