понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

«Көздеріңізді уақытында емдеңіздер»: Роза Рымбаева ота жасатты

Халық әртісі Роза Рымбаева көз жанарын жақсарту мақсатында отаның көмегіне жүгінді. Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/rozarymbaeva
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

«Осы күннің басты жаңалығын жариялайтын уақыт жетті. Өздеріңіз білетіндей, көзілдірік тағып жүргеніме көптеген жыл болды.

Біраз ыңғайсыздық туындап, зардап шеккенім де рас. Балаларым көз жанарын сеніп тапсырған клиниканың көмегіне мен де жүгінуді жөн көрдім.

Катарактаға ота жасатқаныма қуаныштымын. Көздеріңізді уақытында емдеңіздер.

Енді жаңа өмірге, жаңа маусымға, жаңа концерттік бағдарламаларға алаңдамай кірісе беруге де болады», — деп жазды Роза Рымбаева.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0