Танымал әнші Индира Расылхан біраз уақыт үзілістен кейін сахнаға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі дінге бет бұрып, ислам шеңберіндегі психологиямен айналысқан еді.
«Менің сахнаға қайта шыққанымды күтіп жүргендер қайдасыздар? Мен де сіздерді сағындым. «Биссмилләһ» деп бастадым. Шақыратын болсаңыздар, концерттерге және халал тойға ғана шығамын деп ескертіп қояйыншы.
Мен сіздерді жақсы көремін жандарым сол! Сахнаға қайта орылғаныма қуанып жатқаныңыз үшін көптен көп рақметімді айтамын! Бірінші істейсің, сосын ойланасың. Ниетіме орай үзіңгілес достарым да тойға шақырып жатыр», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің сахнаға оралғанына қуанса, келесі тарап дінге адал болып қалуын өтініп жатыр.
«Ән айту – харам» деп едіңіз», «Сіздің орныңыз – сахна», «Психологиядан тапқан ақшасы азайған ғой», «Алмас қылыш қынапта жатпас деген осы», «Жанкүйерлеріңіз нәзік үніңізді сағынды», — деп жазып жатыр бір топ оқырман.