понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-3oC
×

Мақпал Жүнісова су тасқыны кезінде концерт беріп, сынға қалды

Мақпал Жүнісова елді әбігерге салған су тасқыны кезінде концерт беріп, халықтан сөз естіді, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

ҚР халық әртісі жағдайды түсіндіріп, өзін сөкпеуге шақырды.

«Құрметті халайық, әрбір жерде болып жатқан топан су аяқ астынан айтпай келеді ғой. Соның барлығы тезірек өз шешімін тапса екен. Ел басқарып отырған азамат емеспін. Алдын ала жоспарланған концерттерімді беріп, үйіме қайтып келе жатырмын. Енді концерт жайлы ойларыңызды айтыңыздар. Берме десеңіздер, бермейміз. Билеттер сатылып кетіпті. Маған желіде «неге концерт бересің?» деп жазыпты. Бұл екі ай бұрын жоспарлап қойған концерт қой. Бәрі жақсы болып кетсін, аман болыңыздар», — деді Жүнісова.

Өнер иесінің тыңдармандары бірауыздан қолдап, концерт беруді жалғастыруын сұрап жатыр.

«Концерттен түскен ақшаны су басқан ауылдарға аударыңыз», «Сіздің ешқандай кінәңіз жоқ, халық концертіңізді күтеді», «Билет сатылып кетті», «Халық концерт көріп, көңілі көтерілсін», — деп желі қолдаушылары жазды.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 3
Возмутительно 1