Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова әлеуметтік желіде жаңа суретін жариялады. Желі қолданушылары 53 жастағы өнер иесінің сұлулығына таңғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«04.04.24, керемет. Үйлесім тапқан сандар. Ал сіздер санның сиқырына сенесіздер ме?» — деп жазды Забирова Instagram-дағы парақшасында.
Суретте әнші ақ түсті көйлек пен көк түсті жакет және қара түсті шалбар киген.
Желі қолданушылары Забированың сұлулығына таңғалып, жарыса пікір қалдырды.
«Қандай сұлусыз?», «Білімді, сауатты әнші», «Дауысыңыз ерекше», «Сүйікті әншімсіз», «Сізді жақсы көреміз», – деп жазды желі қолданушылары.