Танымал актриса, продюсер Баян Алагөзованың бір кешке киетін образының бағасы айтылды, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Жансая Махабаева есімді блогер отандық продюсердің көйлегінен бастап, аяқкиімінің бағасына дейін жариялады.
«Баян Алагөзованың мына образы қанша теңге тұрады деп ойлайсыз? Үстіне киген көйлегінің өзі – Dior брендінен 3,1 млн теңге. Ал туфлиі – Jimmy Choo брендінен 450 мың теңге. Сөмкесі – Dolce&Gabbana, 1,5 млн теңге. Ал енді қыздар, өздеріңізді ұстаңыздар, өйткені қазір шок аласыздар.
Мына алқа – Magic Alhambra топтамасынан 18 караттық ақ алтыннан жасалған, толық гауһар таспен апталған. Бағасы – 97 млн теңге. Сырғасы – да дәл осы топтамадан, толық гауһар таспен апталған, бағасы – 7,5 млн теңге. Сонымен барлығы – 109 млн 550 мың теңге», — дейді блогер.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп жатыр. Бірі қалталы продюсерді қолдаса, енді бірі ысырап, мақтаншақ деп сөгіп жатыр.
«Күйеуінің денсаулыққа зиян суын күнде алып ішеміз, сосын бұлар байып отыр»,
«Баян, жарайсыз! Су тасқыны кезінде көп ақша аударды»,
«Байлықпен мақтанған дұрыс емес»,
«Басымызға келсін, күлейік»,
«Баянға бренд не керек, өзі бренд», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.