Белгілі Zaq лақап атымен танылған Дулат Мұхамедқалиев әнші Ayree жаңа дуэт жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелерінің жаңа әнін тыңдарман қауым күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға арналған деп болжап жатыр. Әннің мәтінінде мынадай жолдар бар:
«Сен мені жараладың, пышағыңды суыр. Еңді тағы кішкене, сен мәңгілікке үндемейсің. Оның орны – түрме. Ол – өрмекші тор», — деген жолдардан тыңдарман қауым марқұмға арналған ән екенін аңғарды.
Алайда өнер иелері ешқандай пікір білдірген жоқ.
Желі қолданушылары әлеуметтік желіде түрлі пікір жазып, әншілерге қолдау білдіріп жатыр.
«Қандай керемет ән?!»; «Zaq үнемі терең мағыналы әндерді айтады»; «Осы әнді тыңдағанда көз алдыма Бишімбаев келді»; «Салтанаттың тағдыры бір әнге сыйып тұр»; «Мен ғана ма тыңдап, жылап алған?» — деп жазып жатыр тыңдарман қауым.