пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Арасында іші тарлары бар»: Әнші Бейбіт Қорған өнердегілерге тек әріптес ретінде қарайтынын айтты

Әнші Бейбіт Қорған «1001 түн» бағдарламасында өнерде дос жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші өнер саласында жүргендерді дос емес, әріптес санайтынын айтты.

«Достықты сырт көзге ғана көрсететіндер бар шығар мүмкін. Өнерде досым жоқ. Себебі адам баласы өмірге келген соң олардың арасында іші тарлары да бар. Көреалмаушылықтар болады. Белгілі бір жерде қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондай әдеті жоқтар ғана жетістікке жетеді деп ойлаймын», — деді әнші.

Сондай-ақ Бейбіт Қорған журналистің «сахнаны жас әншілерден қызғанбайсыз ба» деген сауалына жауап берді.

«Сахна қызғанатындай менікі емес қой. Қазір сахнаға шығып жатқан жас әншілерге ешқандай қызғаныш жоқ. Сахнаға өзім де шығып жүрмін. Оның қызғанатындай ештеңесі жоқ. Сахнаға қайта-қайта шыға бергеннің қазір керегі де жоқ. Көретін нәрсені көрдік дегендей», — деді әнші.

Әншінің бұл жауабына желі қолданушылары жылы пікірлерін білдірді.

«Сөздік қоры түк жоқ екен, бірақ әндері жақсы»; «Күшті жауап берді, өмір бәріміз үшін өтіп бара жатыр»; «Ақылы тоқтап, ойлап сөйлеп, абырой - атақ деп арын сатпаған жігіт. Жас болып жалындап, кейін өзін сабасына уақытылы түсірген адам Бейбіт деп ойлаймын. Әр жерде берген пікірлері ой тоқтатуға тұрарлық»; «Бейбіт қарапайым, шындықты қарапайым тілде жеткізді. Өнерін бағалаймыз, жылтылдап шыға бермейді, сабырлы, талантты, көрерменге тартар әндерің көп болсын!»; «Бейбіт өте керемет әнші, өзінің өнерін белгілі деңгейіне жеткізіп, өнерін дәлелдеп өз тыңдарманын қалыптастырған әнші!» — деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық келіншек әншімен көңіл жарастырғанын айтып, Бейбіт Қорғаннан ұлы бар екенін алға тартқан еді. Қоғамды шулатқан істен кейін Бейбіт Қорған ДНҚ сынамасын тапсырды. Алайда қорытынды бойынша баланың әншіге түк қатысы жоқ екені дәлелденді. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0